Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Батыс Қазақстанда интернет қызметтер 28,7 пайызға артып, 737,2 млн. теңгеге жетті

ОРАЛ. 20 маусым. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында биылғы бес айда электрлік байланыс кәсіпорындары 2437,2 млн. теңгенің қызметін көрсетті, бұл өткен жылғыдан 3,9 пайызға көп.

Батыс Қазақстанда интернет қызметтер 28,7 пайызға артып, 737,2 млн. теңгеге жетті

Облыстық статистика департаментінен түскен мәліметке қарағанда, сымсыз желі, спутниктік, кабельді инфрақұрылым арқылы бағдарламаларды тарату қызметі қарқынды дамуда. Олар 11,9 пайызға көбейіп, 103,7 млн. теңгені құрады. Сондай-ақ ғаламтор қызметі 28,7 пайызға өсіп, 737,2 млн. теңгеге жетті.

Өңірдегі пошта және курьерлік кәсіпорындар 127,6 млн. теңгенің қызметін көрсетті, бұл өткен жылғыдан 3,4 пайызға артық.