16:01, 07 Тамыз 2012 | GMT +5
Батыс Қазақстанда шағын және орта кәсіпкерлік нысандары арқылы 86,6 мың адам жұмыспен қамтылды
ОРАЛ. 7 тамыз. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында 2012 жылдың 1 шілдесіне 38 мың шағын және орта кәсіпкерлік нысандары тіркелді және бұл көрсеткіш 2011 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 5,2 пайызға жоғары.

Облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың мәлім еткеніндей, бұлар арқылы 86,6 мың адам жұмыспен қамтылып отыр. Биылғы алты айда 176,2 млрд. теңгенің өнімі өндірілді, бұл 2011 жылғы деңгейімен салыстырғанда 4,6%-ға жоғары.
«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында 109 жоба мақұлданды, соның ішінде 2010 жылы - 5,7 млрд. теңгеге 24 жоба, 2011 жылы - 4,7 млрд. теңгеге 43 жоба, 2012 жылдың 1 шілдесіне - 7,4 млрд. теңгеге 42 жоба. Бұлар арқылы 700 жұмыс орны ашылды, сонымен бірге тағы да жаңа 1000 жұмыс орны жоспарланып отыр.