Батысқазақстандық мемлекеттік өрт қауіпсіздігін бақылау басқармасы үздік атанды

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Кеше ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінде өткен алқа мәжілісі барысында министр Владимир Божко сала үздіктерін марапаттады.
None
None

БҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінен Толқын Нұрғуатованың хабарлағанындай, «Үздік мемлекеттік өрт қауіпсіздігін бақылау басқармасы» аталымы бойынша батысқазақстандық департаментке қарасты басқарма (бастығы, өртке қарсы қызмет полковнигі Жарқын Фазылов) жеңімпаз атанды. Ал Орал қалалық төтенше жағдайлар басқармасы (бастығы, өртке қарсы қызмет полковнигі Талғат Еділбаев) қалалық бөлімшелер арасында үздік үштіктің қатарына енді.

Соңғы жаңалықтар