Батысқазақстандық спортшы әлем біріншілігінің күміс жүлдесіне қол жеткізді

ОРАЛ. 16 желтоқсан. ҚазАқпарат - Мәскеу қаласында аралас жекпе-жек түрлерінен және кәсіби әскери самбодан әлем біріншілігі мәреге жетті.

Батысқазақстандық спортшы әлем біріншілігінің күміс жүлдесіне қол жеткізді

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, аталған чемпионатқа әлемнің 12 елінен спортшылар қатысқан. Қазақстан намысын 7 спортшы қорғаса, соның ішінде БҚО-дан Армат Сәрсекенов болды. Ол 90 келі салмақта күміс жүлдені жеңіп алды.