Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Баянауыл ұлттық паркінде өрт шықты

АСТАНА. KAZINFORM — «Баянауыл» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында өрт тіркелді. Қазіргі уақытта өртті сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Баянауыл ұлттық паркінде орман өрті шықты
Видеодан алынған кадр

2026 жылғы 2 тамызда сағат 14:10 шамасында Жасыбай орманшылығының 17-орамында өрт шыққаны анықталған.

Өртті сөндіруге «Баянауыл» МҰТП-ның 21 қызметкері мен екі өрт сөндіру техникасы, сондай-ақ Төтенше жағдайлар департаментінің үш маманы жұмылдырылған.

— Қосымша күш ретінде ұлттық парк аумағына бес техника мен 18 қызметкер жіберіледі. Сонымен қатар Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Павлодар қаласындағы Ми-8 тікұшағы өрт орнына ұшуға дайындалып жатыр, — делінген хабарламада.

Қазіргі таңда жағдай министрліктің бақылауында. 

Еске салайық, бұған дейін 2026 жылғы 1 тамызда еліміздің мемлекеттік орман қоры аумағында жеті орман өрті тіркелгенін хабарлаған едік.