Байдаркамен ескек есуде қазақстандық спортшылар Азия чемпионы атанды

АСТАНА. KAZINFORM — Қытайдың Наньчан қаласында өтіп жатқан байдарка мен каноэде ескек есуден Азия чемпионатында бүгін Қазақстан құрамасы қоржынына бір алтын, бір күміс, бір қола медаль түсті.

Байдаркамен ескек есуде қазақстандық спортшылар Азия чемпионы атанды
Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі

Байдаркамен жұптық сында 500 метр қашықтықта Ольга Шмелёва мен Ирина Подойникова чемпион атандыі. Одан кейінгі сатыға Қытай мен Жапония спортшылары орналасты. 

Қазақстандық спортшылар ұзақ жылдан бері ұлттық құрама сапында сынға түсіп келеді. Қазірге дейін Азия чемпионатына 2007 жылдан бері бірнеше мәрте чемпион атанған. 

Құрлықтық додада Бекарыс Раматулла 500 метрге байдаркада жарыста екінші орынға тұрақтады. Ол мәреге жақын қалғанда Қытай спортшысына есе жіберді.

Ал каноэде 500 метрге ескек есуде қазақстандық спортшылар үздік үштікті түйіндеді. Құрама сапында Сергей Емельянов, Руфина Искакова, Тимофей Емельянов пен Маргарита Торлоповажарысқа шықты. Аталған жарыста Вьетнам құрамасы чемпион атанса, Қытай күміс жүлдеге қол жеткізді.

Жалпы командалық есепте 9 алтын медальмен Қытай көш бастап тұрса, одан кейінгі орындардағы азақстан мен Вьетнамның 1 алтын медалі бар.

Еске салсақ, бұдан бұрын Азия чемпионатында байдаркамен жарыста Стелла Суханова күміс алды.

Соңғы жаңалықтар