Байден мен Трамп АҚШ президенттігіне кандидат болады

трамп
Коллаж: Kazinform

АCТАНА. KAZINFORM —Джо Байден мен Дональд Трамп Джорджия, Миссисипи және Вашингтон штаттарындағы ішкі партиялық сайлау нәтижелері бойынша АҚШ-тың президенттік сайлауына қатысады.

Сейсенбі күні АҚШ президенті Дж. Байден Демократиялық партияның номинациясында ресми жеңіске жету үшін 1968 делегатты алу мақсатында 254 делегаттың 100 дауысын жинай алды. Ол Миссисипидегі праймериздің нәтижелері жарияланған кезде бұл межеден өтті.

Ал АҚШ-тың бұрынғы президенті Д.Трампқа қажет 137 дауыс болса, ол 161 жинады. 1215 делегаттың дауысына ие болды. Бұл оны республикалық партияның кандидаты етті.

Д.Трамп және Дж. Байден ресми түрде өз саяси партияларының екі негізгі кандидаты атанды. Енді республикашылдар мен демократтар өз кандидаттарының съезін сәйкесінше шілде және тамыз айларында өткізеді.

AP-NORC қоғаммен байланыс орталығы жүргізген ақпан айындағы сауалнамаға сәйкес, америкалықтардың 38% - ы Д.Трампқа оң қарайтынын білдірсе, 41%-ы Дж. Байденді қолдаған.

Соңғы жаңалықтар