Байден мен Трамп Мичигандағы праймеризде жеңіске жетті

АСТАНА. KAZINFORM — Мичиган штатында өткен ішкі партиялық сайлауда (праймериз) президент Джо Байден мен бұрынғы президент Дональд Трамп жеңіске жетті. Бұл туралы NPR басылымы жазды. 

Байден мен Трамп
Фото: bbc.com

Негізгі кандидаттардың екеуі де осы уақытқа дейінгі барлық президенттік сайлауда жеңіске жеткен. 

Джо Байден демократиялық сайлаушылардың 79,8% қолдауына ие болды. Оның қарсыластары: жазушы және саясаткер Марианна Уильямсон 2,9% және АҚШ Өкілдер палатасының демократ мүшесі Дин Филлипс 2,8% дауыс жинады. 

Осы уақытқа дейін Дональд Трамп республикашылдар партиясының кандидатурасы үшін 6 президенттік конкуста жеңіске жетті. Оның қалған басты қарсыласы — АҚШ-тың бұрынғы елшісі Никки Хейли әлі бірде-бір байқауда жеңіске жеткен жоқ. 

Дональд Трамп штаттағы қолдаушыларына алғыс білдіріп, Мичигандағы нәтиже үлкен жеңіс екенін айтты. 

АҚШ-тағы сайлау 2024 жылдың 5 қарашасына белгіленген. 

Айта кетейік, Дональд Трамп Невада, Айова, Нью-Гэмпшир және Виргин аралдарында өткен ішкі партиялық сайлауда сенімді түрде жеңіске жетті.

Соңғы жаңалықтар