13:06, 29 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Байқоңыр 2009 жылды «Протон-М» зымырантасымалдағышын ұшырумен қорытындылады
БАЙҚОҢЫР. Желтоқсанның 29-ы. ҚазАқпарат /Сара Қабиқызы/ - Бұдан бұрын хабарланғанындай, бүгін Астана уақыты бойынша 6.22-де «Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Протон-М» зымырантасымалдағышы ұшырылды. Ол орбитаға американдық «Дирек ТВ-12» телекоммуникациялық жерсерігін алып шықты.

Қазғарыштың пен «Байқоңыр» ғарыш айлағының жедел қызметтерінің хабарлауынша, ұшыру штаттық режимде өтті.
Американдық жерсерік белгіленген орбитаға Астана уақыты бойынша сағат 15.32-де шығарылады деп жоспарлануда.
М.В.Хруничев атындағы мемлекеттік ғарыштық ғылыми-өндірістік орталықтың ақпараты бойынша, «Протонның» бүгінгі старты осы модельдегі зымырантасымалдағыштың ағымдағы жылдағы тоғызыншы ұшырылуы. Биылдыққа «Байқоңыр» ғарыш айлағынан барлығы 24 кеме ұшырылды.