Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Байқоңыр 2013 жылы әлемдегі ең көп ұшырылым жасаған ғарыш айлағы атанды

АСТАНА. 20 қаңтар. ҚазАқпарат - Байқоңыр ғарыш айлағы әлемнің ең көп пайдаланылатын айлақ атағын тағы да иеленіп отыр. Былтыр бұл жерден 23 зымыран тасығыш ұшырылған. Бұл туралы Роскосмос хабарлады.

Байқоңыр 2013 жылы әлемдегі ең көп ұшырылым жасаған ғарыш айлағы атанды

Байқоңырда өткен жылы «Союз-ТМА» және «Прогресс-М» кемесімен 11 рет «Союз» зымыраны ұшырылды. Сонымен қатар «Протон» зымыран тасығышы 10 мәрте ашық ғарыш кеңістігіне көтерілді және «Зенит» пен «Стрела» зымырандары бір-бір реттен ұшырылым жасалды.

Осылайша, Байқоңыр ұшырылым саны бойынша әлемде бірінші орын иеленді.