«Байқоңыр» ғарыш айлағы алғаш адамның ғарышқа ұшуының 50 жылдығын атап өтуде
БАЙҚОҢЫР. 12 сәуір. ҚазАқпарат /Сара Кәбиқызы/ - Бүгін «Байқоңыр» ғарыш кешенінде демалыс, мерекелі күн. Байқоңыр Юрий Гагариннің ғарышқа ұшқанына 50 жыл толуын атап өтуде.
Биылғы жылы Ғарышкерлер күні жаңа мәртебеге ие болды, БҰҰ қарарымен 12 сәуір Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күні болып белгіленді.
Мерейтойды атап өтуге Ресей мен Қазақстаннан келген «Байқоңыр» ғарыш айлағының екі жүзден астам ардагері мен қала тұрғындары «Сатурн» концерт залында өткен салтанатты жиналысқа қатысты.
2011 жылғы 12 сәуір Байқоңырда жыл әрі шуақты таңмен басталды. 25 жылдан бері мұнда Ғарышкерлер күні Гагарин эстафетасымен басталады.
Сағат 10.00-де Юрий Гагарин ескерткішінің жанында митинг болып, сөз алған ғарыш айлағының ардагерлері Байқоңыр қаласының әкімшілігіне, Қазғарыш пен Росғарыш өкілдеріне «Байқоңырға» келіп, замандастарымен кездесуге мүмкіндік бергендері үшін алғыстарын айтты.
Одан кейін он мыңға жуық адамға арналған Байқоңыр қаласының орталық стадионында мерекелік шоу өтіп, «Байқоңыр қаласының құрметті азаматтары» анықталды.
Ал Ғарышкерлер күніне арналған кешкі мерекелік бағдарлама бойынша қаланың орталық алаңында думанды концерт болады деп жоспарлануда.