«Байқоңыр» ғарыш айлағы жылдың ғарыш бағдарламасын «Зенит-3SБ» зымыранын ұшыраудан бастайды

БАЙҚОҢЫР. 18 қаңтар. ҚазАқпарат /Сара Қабиқызы/ - «Байқоңыр» ғарыш айлағында 2011 жылдың алғашқы ұшырылымына дайындық аяқталуда.

«Байқоңыр» ғарыш айлағы жылдың ғарыш бағдарламасын «Зенит-3SБ» зымыранын ұшыраудан бастайды

Ресей ғарыштың баспасөз қызметі хабарлап отырғандай, бүгін «Фрегат-СБ» қозғалту блогы мен «Электро-Л» ресейлік ғарыш аппараты бар «Зенит-3SБ» ғарыштық мақсаттағы зымыраны ғарыш айлағының №42 монтаждық-сынау корпусынан шығарылып, Байқоңыр ұшыру алаңының 45-кешенінде орналастырылуда.

Мұндай шешім әлеуметтік-экономикалық, ғылыми және коммерциялық мақсаттағы ұшыру сынақтарын өткізу жөніндегі Мемлекеттік комиссия мен ғарыш аппараттарын шығару құралдарының ұшыру сынағынан өткізу жөніндегі Мемлекеттік комиссия тарапынан қабылданды.

Зымыранды ұшыру құрылғысына орналастырғаннан кейін Ресей мен Украинаның зымыран-ғарыш саласы кәсіпорындарының мамандары бірінші ұшыру күнінің бағдарламасын дайындауға кірісіп кетті.

«Фрегат-СБ» қозғалту блогы мен ресейлік «Электро-Л» метеорологиялық жер серігі бар «Зенит-3SБ» ғарыштық мақсаттағы зымыранын ұшыру 2011 жылдың 20 қаңтарына Астана уақыты бойынша 18 сағат 29 минутқа жоспарланып отыр.