«Байқоңыр» ғарыш айлағында «Союз-2.1а» зымырантасымалдағышының сапары тағы да кейінге ысырылды

БАЙҚОҢЫР. 12 шілде. ҚазАқпарат /Сара Қабиқызы/ - Алты «Globalstar-2» байланыс аппаратын ғарышқа алып ұшатын «Союз-2.1а» зымырантасымалдағышының сапары тағы бір тәулікке ысырылды.

«Байқоңыр»   ғарыш айлағында  «Союз-2.1а» зымырантасымалдағышының сапары  тағы  да кейінге   ысырылды

Бұл туралы Ресейғарыш агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

«Союз-2.1» зымырантасымалдағышын ұшыруға дайындау барысында анықталған ескертулерді жою қажеттілігіне байланысты, Мемлекеттік комиссияның шешімімен зымыранның сапары резервтік датаға ауыстырылды», - делінген ресми хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, 11 шілдеде Байқоңырдан ұшатын болған зымыранның сапары, кабельдік-май құю діңгегінің түйіспеуі салдарынан кейінге ысырылған болатын.