Байқоңыр ғарыш айлағында зерттеу жұмыстары басталып кетті

ҚЫЗЫЛОРДА. 2 шілде. ҚазАқпарат - Қызылорда облысындағы Байқоңыр айлағында «Протон-М» зымыран тасығышы апатынан кейінгі зерттеу жұмыстары басталып кетті. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
None
None

«ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасына сәйкес, 2013 жылғы 2 шілдеде Астана уақытымен сағат 08 сағат 38 минутта «Байқоңыр» ғарыш айлағы басқару орталығынан «Глонасс-М» №47 «РКН» ғарыш аппараты «Протон-М» зымыран тасығышы арқылы штаттық режимінде ұшырылу кезінде, авариялық ахуал орын алып, құлаған. Нәтижесінде «Протон-М» зымыран тасығышынан «гептил» жанар-жағар майы төгіліп, жанып гептил бұлты пайда болған», - делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі таңда гептил бұлты ғарыш айлағының төңірегінде тұр. Апат орнында өткінші жаңбырдың өтуі мен желдің болмауы оң ықпалын тигізуде.

Облыс әкімі Қ. Көшербаевтың басшылығымен арнайы мәжіліс өткізіліп, тиісті тапсырмалар берілді. «Протон-М» зымыран тасығышының құлау салдарын және келтірілген шығын мен адам өміріне зиянын анықтау және зерттеу мақсатында облыс әкімінің орынбасары, ҚР Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнайы өкілі Р. Нұртаев және облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі штаб мүшелері (Ұлттық қауіпсіздік комитеті, ішкі істер департаменті, облыстық төтенше жағдайлар департаменті, облыстық жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс және авариялар мен дүлей апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасының басшылары) оқиға орын алған жерге ұшып кетті. Ғарыш айлағында қажетті зерттеу жұмыстары ұйымдастырылған.

Жергілікті атқару органдары хабарландырылып, бірінші кезектегі іс-шараларға дайындық жүргізуде.

Соңғы жаңалықтар