Байқоңыр ғарыш айлағының Гагарин алаңына «Союз ТМА-19М» кемесі мен зымыран-тасығыш орнатылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Байқоңыр ғарыш алаңындағы Гагарин алаңына «Союз ТМА-19М» кемесімен бірге "Союз-ФГ" зымыран-тасығышы орнатылды, деп хабарлады РИА Новости.

Байқоңыр ғарыш айлағының Гагарин  алаңына «Союз ТМА-19М» кемесі мен зымыран-тасығыш орнатылды

Жексенбі күні таңертең монтаждау-сынау корпусынан зымыран- тасығыш пен ғарыш кемесі шығарылды.

Оны 15 желтоқсанда Мәскеу уақытымен сағат 14.03 ұшыру көзделген. Экспедиция ұзақтығы 143 күнді құрайды.

Кеме Халықаралық ғарыш стансасына экипаж мүшелерін жеткізеді. Оның ішінде Юрий Маленченко (Ресейғарыш), Тимоти Копра (NASA), сондай-ақ Тимоти Пика (Еуропалық ғарыш агенттігі) бар. ХҒС бортында оларды Михаил Корниенко мен Сергей Волков (Ресейғарыш) және Скотт Келли (NASA) күтуде.