Байқоңырда зымыран модельдік спорты бойынша халықаралық жарыстар басталды

None
None
БАЙҚОҢЫР. ҚазАқпарат - Байқоңыр қаласында «Жастарға аэроғарыштық білім берудегі зымыран модельдеу» дәстүрлі жыл сайынғы халықаралық конференциясы өз жұмысын бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

22-ші рет ұйымдастырылып жатқан конференция аясында бірнеше жарыс түрі өтеді. Атап айтқанда, жастар арасында зымыран модельдеу спорты бойынша  «Байқоңыр-2018 кубогы», «Челомей кубогы» әлем кубогының кезеңі және «Қорқыт ата кубогы» әлем кубогының кезеңі болады.

Зымыран модельдеу жарыстарына Ресей, Қазақстан, Украина, Беларусь және Өзбекстаннан 60 спортшы қатысады.

Ұйымдастырушылардың бастысы - В. Н. Челомей атындағы халықаралық ғарыш мектебі хабарлағандай, модельдерді ұшыру «кіші айлақта» - Байқоңыр маңындағы Елшібай жол айрығы аумағында өтеді.

Халықаралық жарыстар құрылтайшыларының құрамында Ресей мен Қазақстанның ондаған ұйымы бар. Ал КСРО еңбек сіңірген спорт шебері, үш дүркін әлем чемпионы, зымыран модельдеу спорты бойынша Ресей құрама командасының бас жаттықтырушысы  Алексей Коряпин бастаған халықаралық қазылар алқасы нәтижеге баға береді.

Байқоңырдағы жарыстар он күнге созылады. Бұл шара Халықаралық ғарыш стансасының 20 жылдығына арналған.

null 

Соңғы жаңалықтар
telegram