Байқоңырдан «Протон» зымыран-тасығышын ұшыру 2013 жылдан бастап қысқара бастайды

2013 жылдан бастап бұндай ұшулардың санын екі зымыранға қысқаратыны көрсетілген. Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаев мәлім етті.
«Егер Үкімет 2013 жылы Байқоңырдан «Протондарды» ұшыру туралы біз қол қойған қорытындыны қолдап, қол қойса, онда келесі жылы «Протондар» ұшыру саны екі зымыранға кемиді», - дейді агенттік төрағасы.
Оның айтуынша, Қазақстан «Протон» зымыран-тасығышын ұшыруға қатысты оның саны туралы жыл сайынғы келісімшарттарды пайдалануға ұмтылады. Бұл өз кезегінде осындай зымырандарды ұшыруға қатысты Ресейге жасалатын қысым тетігіне де айналмақ.
«Біз жыл сайын Байқоңырдан «Протондар» ұшыру санын қысқартуға талпынамыз. Бұл үшін барымызды саламыз. Ол үшін қолымызда тетік та бар», - деді Т. Мұсабаев.
Дегенмен агенттік төрағасы «Протонды» пайдалануға толық тыйым сала алмайтынын, өйткені Ресейдің ғарыш саласы осының арқасында құрылғанын алға тартады.