БЭК ашық бәсекелестік пен қарсы тұрушылықтан қашып құтыла алмайды - А.Лукашенко

ТАНА. 25 қазан. ҚазАқпарат - БЭК ашық бәсекелестік пен қарсы тұрушылықтан қашып құтыла алмайды. Мұндай пікірді Беларусь Президенті Александр Лукашенко ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Орал Мұхамеджановпен кездесу барысында айтты, деп хабарлады БЕЛТА тілшісі Алина Гришкевич.

БЭК ашық бәсекелестік пен қарсы тұрушылықтан қашып құтыла алмайды - А.Лукашенко

«Бірыңғай экономикалық кеңістіктің жұмысының басталуы орасан зор мүмкіндіктерге жол ашады. Әрине қиындықтар болады, біз сындарға да төтеп беруіміз керек болады, ашық бәсекелестік пен қарсылықтар да туындауы айқын, ол сөзсіз, бірақ біз осы жолды қасқайып тұрып өтуге бел байлап отырмыз», - деді А.Лукашенко.

Александр Лукашенко Беларуське халықаралық аренада көрсетіп отырған қолдауы үшін Қазақстанға алғыс айтты. Ол атап өтендей, екі ел арасында халықаралық күн тәртібінің ұстанымдары бойынша түсініспеушіліктері жоқ.

Беларусь, Ресей мен Қазақстан уақыт талабына бағынбай, мықты экономикалық жаңартылған құрылым құруға талпыныс жасап отырған әлемдегі ең жақын мемлекеттерміз, - деп атап өтті президент Лукашенко. - Біз ұйымдастырушылық бағытта да, тәжірибелік бағытта да көп жетістіктерге қол жеткіздік».