22:22, 02 Қараша 2023 | GMT +5
Бексұлтан Қайратұлы Азия чемпионатында қарсыласын нокаутпен жеңіп, алтын медаль алды

Ауыр салмақта (80 келіден жоғары) алтын медаль үшін өткен жекпе-жекте Қайратұлы мерзімінен бұрын жеңіске жетті. Екінші раундтың соңында қазақстандық қарсыласын оң жақ тікелей соққысымен канвасқа жіберді. Нокдаун санағаннан кейін Сангван жекпе-жекті жалғастырды. Бірақ бірнеше секундтан кейін ол екінші нокдаун алып, төреші жекпе-жекті тоқтатты.
Осылайша Бексұлтан Қайратұлы алтын медаль жеңіп алды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram