Беларус 2008 жылы Қазақстанмен тауар айналымын 537 миллион долларға дейін арттырды

МИНСК. Ақпанның 27-сі. ҚазАқпарат – Беларус 2008 жылы Қазақстанмен тауар айналымын 537 миллион долларға дейін арттырды.
None
None
Бұл 2007 жылғы көрсеткіштен 4,7 пайызға жоғары, оның ішінде экспорт үлесі 1,1 пайызға көбейіп, 365,2 миллион долларды, импорт 13,2 пайызға өсіп, 171,8 миллион долларды құрап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат БЕЛТА агенттігіне сілтеме жасап. Беларус пен Қазақстанның сыртқы сауда-саттығының сальдосы 193,4 миллион доллар көлемінде оң қалыптасып отыр. Беларус Республикасы Экономика министрлігінің мәліметтеріне сәйкес, Қазақстанға экспорт қант, қойытылған сүт пен қаймақ, сары май, арнаулы автокөліктер, мұнай өнімдері, тракторлар мен тіркемелер, ағаш-талшықты тақта, шина, подшипник және т.б. өнімдердің жеткізілімінің есебінен көбейді. Өткен жылы Қазақстаннан тегістелген прокаттың, фосфор қышқылы тұзының, қорғасын оксидінің, т.б. өнімдердің импорты артқан.
Соңғы жаңалықтар