Беларус пен Қазақстан әскери-техникалық ынтымақтастықты нақты бағыттарын анықтады
Бұл туралы Қазақстан Премьер-Министрі нің орынбасары Серік Ахметов бүгін Беларус премьері Сергей Сидорскиймен болған кездесуде мәлім етті, деп хабарлайды БЕЛТА агенттігі.
«Әскери-техникалық ынтымақтастық пен қорғаныс өнеркәсібі кешені саласында назар аударатын 5-6 бағыт қалыптасып келеді», деп атап көрсетті Серік Ахметов өз сөзінде. Атап айтқанда, әскерді және басқа да қарулы құрылымдарды басқарудың автоматтандырылған жүйесін енгізудің келешегі кемел. «Осы саладағы Беларусь елінің тәжірибесі назар аударуға тұрарлық және біз үшін пайдалы болады», - деді Қазақстаның вице-премьері. С.Ахметовтың пікірінше, ынтымақтастық үшін тағы бір жаңа перспективалық бағыт - сауытты танк техникаларын жөндеу. Қазақстандық мамандардың тобы қазір Борисовода беларус тәжірибесін зерттеуде.
Сергей Сидорский өз кезегінде, Беларус елінің Қазақстанмен барлық бағыттар бойынша, оның ішінде өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы өндірісі, жоғары технологиялар саласы бойынша ынтымақтастыққа әзір екенін мәлім етті. «Біз Беларус елінде қазақстандық капиталдың жұмыс істеуіне мүдделіміз», - деп атап көрсетті ол.