Беларус Президенті Кеден одағын құру туралы бастамаларды көтеріп, оны ілгерілетуге қосқан зор үлесі үшін Қазақстан Президентін алғысын білдірді.

nbsp;АСТАНА. Шілденің 5-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Беларус Президенті Александр Лукашенко Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Еуразиялық экономикалық қоғамдастығы және оның аясында Кеден одағын құру туралы бастамаларды көтеріп, оны ілгерілетуге қосқан зор үлесі үшін алғысын білдірді.
None
None

«ЕурАзЭҚ -тің құрылып, дамуы менің көз алдымда өтті. Бұл саясатта біз ақсақалдармыз. Мен Н. Назарбаевқа ЕурАзЭҚ-ті, оның аясында Кеден одағын құру туралы бастамаларды көтеріп, ілгерлетуге қосқан зор үлесі үшін алғыс білдіремін. Қазақстан Президенті ЕурАзЭҚ аясындағы біздердің қарым-қатынастарымыздың моторы болды», деді А. Лукашенко бүгін Ақордада өткен ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық кеңесінің 27-ші мәжілісінен кейінгі БАҚ өкілдеріне арналған мәлімдемеде.

Осы орайда А. Лукашенко Н. Назарбаев ЕурАзЭҚ-тің құрылуында және дамуында басы-қасында жүргендігін айырықша атап көрсетті.

«Бұл шын мәнінде солай», деді Беларус басшысы.

Соңғы жаңалықтар