Беларусь Президенті жұмыс сапарымен Астанаға ат басын бұрды

АСТАНА. 29 мамыр. ҚазАқпарат - Елімізге Беларусь Президенті Александр Лукашенко жұмыс сапарымен ат басын бұрды.
None
None

28 мамыр күні Беларусь мемлекет басшысының ұшағы Астананың халықаралық әуежайына қонды, деп хабарлайды БЕЛТА.

Астанада А. Лукашенко интеграцияның басым бағыттарын дамытудың болашағы талқыланатын Жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысады деп жоспарланады.

Тараптар Кедендік одақтың сыртқы және өзара саудасындағы интеграциялық ақпараттық жүйесін құру, келісілген агроөнеркәсіптік саясатты жүргізу, КО мен Еуразиялық экономикалық кеңістігіне мүше мемлекеттердің 2013-2014 жылдарға арналған негізгі макроэкономикалық бағыттары мәселелерін қарастырады деп күтілуде. Толығырақ

Соңғы жаңалықтар