Беларус. Ресей және Қазақстан кәсіпорындары ірі трансұлттық корпорациялар құруы тиіс - Беларусь бірінші вице-премьері

МИНСК-АСТАНА. 31 мамыр. ҚазАқпарат - Беларус, Ресей және Қазақстан кәсіпорындары ірі трансұлттық корпорациялар құра алады. Бұл туралы бүгін Беларусь бірінші вице-премьері Владимир Семашко БЭК қатысушы-мемлекеттерінің Іскер адамдары форумының жалпы отырысында мәлім етті, деп хабарлады БЕЛТА.
None
None

«Беларус, Қазақстан және Ресей кәсіпорындары бір-бірімен бәсекеге түспеуі, қайта ірі трансұлттық корпорациялар құруы тиіс, - деп атап өтті бірінші вице-премьер. - Біз бірін-бірі қайталайтын өндірістер құрудан бас тартып, келісілген өнеркәсіп саясатын жүгргізуіміз қажет».

Интеграциялық үдерістер шешуші кезеңге аяқ басуда - Еуразиялық экономикалық одақ құрылады. Бұл үшін 2014 жылдың 1 мамырына дейін аталмыш жаңа интеграциялық құрылымға қажетті құжат жобалары әзірленуі тиіс. «Осылайша, форумның «Еуразиялық экономикалық одақ: бизнес не күтеді» тақырыбы өте өзекті болып отыр», - деп атап өтті Владимир Семашко. Бизнес шын мәнінде өнеркәсіп кооперациясын дамыту, кеңейту, қаржылық және зияткерлік ресурстарды шоғырландыру үшін өзара тиімді жағдай жасалуын күтеді. Бұл үдерістегі басты мақсат - экспорттың өсімі, шетелдік инвестицияларды тарту.

«Ендігі уақытта көп нәрсе қабылданатын тиімді шешімдерге де байланысты болмақ. Сіздер бизнеске түсінікті болатын қажетті кеңестер әзірлеп шығатындарыңызға сенімдімін. Форум аймақаралық байланыстарды одан әрі кеңейтуге, бірлескен жобаларды іске асыруға көмектеседі», деп атап өтті бірінші вице-премьер.

Соңғы жаңалықтар