Беларусь, Ресей және Қазақстан темір жолдарды дамытуға келісті
АСТАНА. 5 маусым. ҚазАқпарат - Беларусь, Ресей және Қазақстанның теміржол әкімшіліктерінің басшылары Бірыңғай экономикалық кеңістіктің көліктік-логистикалық жүйесін дамыту туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды БЕЛТА.
Бұл құжат 30 мамыр және 1 маусым аралығында Сочидегі «Стратегиялық серіктестік 1520» халықаралық теміржол форумы кезінде қабылданды.
Құжатқа Беларусь темір жолының бастығы Анатолий Сивак, «Ресей темір жолдары» ААҚ-ның президенті Владимир Якунин және «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның президенті Асқар Мамин қол қойды.
«Құжатқа сәйкес, тараптар Беларусь, Ресей және Қазақстан аумағындағы БЭК аясында сапалы әрі бәсекеге қабілетті қызметтерді көрсетуге бейімделген, ал болашақта - 1520 жолы кеңістігінде көліктік-логистикалық жүйені дамыту саласындағы күштерді біріктіру және ынтымақтастықты тереңдету қажеттілігі туралы келісті», - деп түсіндірді баспасөз қызметінен.