Беларусь ШЫҰ-ын жаһандық тарту орталығы ретінде нығайтуға дайын - Лукашенко
АСТАНА.KAZIMFORM - Беларусь ШЫҰ-ға мүше болғанын мақтан тұтады. Бұл туралы Минскіде Шанхай ынтымақтастық ұйымының бас хатшысы Нұрлан Ермекбаевпен кездесуінде Беларусь президенті Александр Лукашенко айтты, деп жазады Kazinform тілшісі.

Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) Хатшылығының Telegram-каналы хабарлауынша, әңгіме барысында ШЫҰ аясындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері, оның ішінде Беларусь Республикасының бастамаларын іске асыру, сондай-ақ ұйымның қызметін одан әрі жетілдіру туралы айтылды.
Ол сондай-ақ Ұйымның жаһандық тартымдылық орталығы ретінде дамуы мен нығаюын қамтамасыз ету үшін жұмыс істеуге дайын екенін атап өтті.
Беларусь Республикасында президент сайлауын бақылау үшін Шанхай ынтымақтастық ұйымының миссиясы жұмыс істеді.
Нұрлан Ермекбаев Александр Лукашенконы алдын ала есептеулер бойынша президенттік сайлаудағы сенімді жеңісімен құттықтады. Ол ШЫҰ Бақылаушылар Миссиясы өз жұмысында әрқашан объективтілік пен бейтараптық қағидаттарына сүйенетініне сендірді.
Айта кетейік, Беларусь 2024 жылы Астанада өткен ШЫҰ саммитінің қорытындысы бойынша Шанхай ынтымақтастық ұйымының 10-шы толыққанды мүшесі болды.
Лукашенко Беларусьтегі президент сайлауында жеңіске жетті.