Белгілі сазгер Марат Омаров үстел теннисіне арналған әнұран жазды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық танымал сазгер Марат Омаров үстел теннисіне арналған әнұран жазып шықты, деп хабарлайды sports.kz.
Шымкентте аула клубтарының спартакиадасы аяқталды. Пинг-понгты сүйіп ойнайтындар үшін соңғы күні шеберлік сыныбын әнші-сазгер Марат Омаров өткізді. Ол үстел теннисін бала кезінен жақсы көретіндіктен, аталған шараға қатысуға қуана-қуана келіскенін жеткізді. Тіпті, сазгер жақында осы спорт түріне арналған әнұран жазған болып шықты.
«Мен үстел теннисін сүйіп ойнаймын, тіпті осы спорт түріне арнап «Мен теннис ойнаймын», деген гимн жазып шықтым», - дейді М.Омаров.
Аталған шараға 6 аула клубынан 100-ге жуық бала қатысты. Жалпыкомандлаық есеп бойынша «Денсаулық» аула клубы жеңімпаз деп танылды.