15:28, 13 Қараша 2013 | GMT +5
Белгісіз біреу Шереметьево әуежайында атыс ұйымдастырды
АСТАНА. 13 қараша. ҚазАқпарат - Белгісіз біреу Шереметьево әуежайында атыс ұйымдастырды. Аталған жағдай 09:26-да әуевокзалы кешенінің D терминалынан шығар жерде болған, деді РФ ІІМ көліктегі басқармасынан.

Куәгерлердің сөзіне қарағанда, қара түсті көлікте болған ер адам Бішкектен келген азаматқа оқ атқан, деп жазады РБК.
Алдын ала мәліметтер бойынша, оқ екі рет атылған. Зардап шеккен адамның жағдайы белгісіз. Оқиға орнында көлік полициясының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Тергеу жүргізілуде.
Еске сала кетейік, осыған ұқсас жағдай 1 қараша күні Лос-Анджелестің халықарылық әуежайында болды. Онда күндіз атыс болып, салдарынан бір адам қаза болды. Тағы бірнеше адам жарақаттанды.
Полицейлер аталған жағдайға себепкер болған ірі калибрлі қарумен қаруланған адамға оқ атуға мәжбүр болды. Сонымен бірге, олар тағы бір ұсталған күдіктіні жаралады. Аталған жағдайға байланысты ұшу рейстері тоқтатылып, жолаушылар қауіпсіз жерге көшірілді.