Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Белоруссияның Брест қаласы Астанамен серіктестік орнатуға мүдделі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елорда әкімдігінде Астана мен Беларуссия арасындағы екіжақты құрылыс және инфрақұрылым салаларын дамыту мәселелері талқыланды, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.

Белоруссияның Брест қаласы Астанамен серіктестік орнатуға мүдделі

Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары Сергей Хорошун Брест облысы атқарушы комитетінің төрағасы Виктор Саковскиймен кездесіп, бірқатар маңызды сұрақтар бойынша келіссөздер өткізді. С. Хорошун Еуразиялық экономикалық одақтың жаңа мүмкіндіктерін ескере отырып, кездесудің маңызды екенін атап өтті. - Астана қаласы әкімдігі Қазақстан мен Белоруссияның ортақ жобаларына ерекше көңіл бөледі. Қазіргі уақытта МАЗ автокөлік техника зауытының құрылысы жүріп жатыр, - деді ол. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екі елдің арасындағы серіктестікті одан әрі арттыруға дайын екендігін мәлімдеді.