Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Берікқазы Сексенбаев көгалдағы хоккей Азиялық федерациясының атқарушы комитетінің мүшесі болып сайланды

АСТАНА. 1 ақпан. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Көгалдағы хоккей федерациясының президенті Берікқазы Сексенбаев шөптегі хоккей Азиялық федерациясының атқарушы комитетінің мүшесі болып сайланды,

Берікқазы Сексенбаев көгалдағы хоккей Азиялық федерациясының атқарушы комитетінің мүшесі болып сайланды

деп хабарлайды қазақстандық федерацияның баспасөз қызметі.

Мұндай шешім 15-16 қаңтарда Куала-Лумпур қаласында (Малайзия) өткізілген көгалдағы хоккей Азиялық федерациясының 56-конгресінде қабылданды. Азия федерациясының құрамына кіретін жиырма сегіз өкілдің ішінде жиырма алтысы Б.Сексенбаев үшін дауыс берді. Ал ол ұзақ жылдық және мәртебелі тарихы бар қазақстандық көгалдағы хоккейді дамытуға жасалған маңызды қадам болмақ.