Берлинде Қазақстан Республикасының 2010-2020 жылдар кезеңіндегі құқықтық саясатының тұжырымдамасына арналған халықаралық коллоквиум өтті
«Қазақстан Республикасының 2010 -2020 жылдар кезеңіндегі құқықтық саясатының тұжырымдамасы: құқықтық және сот реформасы саласындағы орнықты даму» тақырыбына арналған бұл форумды Қазақстанның Германиядағы жылының аясында Германияның Техникалық ынтымақтастық жөніндегі қоғамы ұйымдастырып отыр.
Коллоквиумның бірінші күні Конституциялық Кеңестің төрағасы И.Рогов кіріспе сөз сөйлеп, «Қазақстан Республикасының 2010-2020 жылдар кезеңіндегі құқықтық саясатының тұжырымдамасы елде құқықтық мемлекет қағимдаларын енгізудегі бірінші кезеңнің бастамасы» деген тақырыпта баяндама жасады және неміс әріптестерін Қазақстанның Құқықтық саясатының жаңа тұжырымдамасының негізгі ережелері туралы хабардар етті, деп хабарлады ҚР Конституциялық Кеңесінің баспасөз қызметінен.