Берлинде «Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылы: жетістіктер мен болашақ» тақырыбында симпозиум өтті

ТАНА. 25 қазан. ҚазАқпарат - Берлиннің Гумбольд университетінде Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай Қазақстан елшілігі «Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылы: жетістіктер мен болашақ» атты тақырыпта симпозиум,

Берлинде «Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылы: жетістіктер мен болашақ» тақырыбында симпозиум өтті

сонымен қатар «Қазақстан Еуропа мен Азия арасындағы көпір» атты фотокөрме ұйымдастырды, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Іс-шараға 300-ден астам қонақ жиналды, олардың арасында Германия Федеративті Республикасының белгілі қоғам және саяси қайраткерлері, Бундестаг депутаттары, министрліктер мен ведомстволардағы лауазымды тұлғалар, мәдениет қайраткерлері, дипоматиялық корпус мүшелері, БАҚ өкілдері, қазақ диаспорасының өкілдері, студент жастар, сонымен қатар іскер топ өкілдері бар.

Германия Федеративті Республикасының бұрынғы сыртқы істер министрі Ханс-Дитрих Геншер, Бундестаг депутаты, Қазақстан-герман қоғамдастығының төрағасы Манфред Грунд, ГФР Сыртқы істер мемлекеттік министрі Карнелия Пипер симпозиумның құрметті қонақтары болды.

Симпозиумның модераторы Бундестаг депутаты Манфред Грунд жақсы қарқынмен және достық негізінде дамып отырған Қазақстан-Герман қарым-қатынасы жайлы айта келе, Германия Қазақстанды ұзақ жылдан бері тұрақтылықтың жоғары деңгейін көрсетіп келе жатқан ел ретінде қарайды деп мәлім етті.

Немістің белгілі саясаткері, бұрынғы вице-канцлер, Германия Федеративті Республикасының сыртқы істер министрі, еуропалық саясаткерлердің ішінен Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы жылдары елімізге келген Ханс-Дитрих Геншер азаттық жылдары Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен Қазақстан бейбітшілікті сақтап, ұлтаралық келісімге қол жеткізгенін атап өтті. Жағдайды пайдалана отырып Ханс-Дитрих Геншер барлық қазақ халқын алдағы мерейтоймен құттықтап, еліміздің гүлденуін тіледі.