Бес инсти­ту­т­тық реформа - жаңа экономикалық жағдайдағы кешенді даму жоспары - ҚР Президенті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасы Ұлттық комиссияның отырысында «100 нақты қадам» Ұлт Жоспары бойынша айтарлықтай жұмыс атқарылғанын атап көрсетті.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төраға­лығымен Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның осы кезеңге дейінгі жұмысының қорытындыларына арналған кеңес өтті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Кеңеске Премьер-Министр К.Мәсімов, Президент Әкім­шілі­гінің Басшысы Н.Нығматулин, Премьер-Министрдің орынбасары Д.Назарбаева, Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары Б.Майлыбаев, Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары М.Бекетаев, Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы А.Смолин, Пре­зиденттің көмекшісі Ә.Смайы­лов, Мемлекеттік қыз­мет іс­тері министрі Т.Донақов, Ин­вес­тиция және даму министрі Ә.Исекешев, Ұлттық  экономика министрі Қ.Бишімбаев, Бі­лім және ғылым министрі Е.Са­ғадиев, Астана қаласының әкімі Ә.Жақсыбеков қатысты.

Кеңес барысында кәсі­би мем­лекеттік аппарат қалыптастыру, заңның үстемдігі мен елдің эко­но­микалық өсімін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Мемлекет басшысы өткен ке­зеңде атқарылған жұмыстар ре­фор­маларды тікелей жүзеге асыру үшін қолайлы ахуал қалып­тас­тырғанын атап өтті.

- Біз жариялаған бес инсти­ту­т­тық реформа - жаңа экономикалық жағдайдағы кешенді даму жоспары. Ұлт Жоспарын сапалы жүзеге асыру - біздің ең басты міндетіміз. Осы кезең ішінде ауқымды жұмыс ат­қарылды. Үкімет қажетті заң­­дар, тиісті нормативтік-құ­қық­­тық актілер қабылдады, мем­ле­кеттік қызметтің меритокра­тия қағи­даттарына негізделген  ман­­сап­тық моделі енгізілді, сот төре­лі­гінің үшбуынды жүйе­сіне көшу іске асырылды, Жо­ғарғы Сот жанындағы Халық­аралық кеңес жұмысына кірісті, судьяларға қойылатын біліктілік талаптары күшейтілді. Бұдан бөлек, салық және кеден саясатын жетілдіру жөніндегі жұмыс жүргізілуде, ауқымды жекешелендіру ісі басталды, елді индустрияландырудың екінші кезеңі жүріп жатыр, әлеуметтік саясат жетілдірілуде, мемлекеттің есептілігі арттырылуда. Жалпы, бүгінде 100 қадамның 23-і толық орындалды, - деді Қазақстан Пре­зиденті.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев қазіргі сәтте жұртшы­лықпен сауатты жұмыс жүргізу ісін жолға қоюға ерекше көңіл бөлген жөн екенін атап көрсетті.

- Жаңа заңнамалық актілер қабылдау нәтижесінде  бірқатар кемшіліктер мен олқылықтар анықталып жатыр. Соның айқын мысалы - жер мәселесіне қатысты заң. Сондықтан, жүйелі талдау және қабылданып жатқан шара­ларды жан-жақты талқылау не­гізінде қателіктермен ұдайы жұ­мыс жүргізіп отыру қажет. Біз саясатымызды жетілдіру жөнінде алдын ала жүйелі қадамдар жасауға тиіспіз, - деді Мемлекет басшысы.

Жиын барысында жұмыс топ­тарының мүшелері Ұлттық комис­сияның қазіргі қызметі туралы баяндама жасады.

Кеңес қорытындысы бойынша Қазақстан Президенті Үкіметке экономикалық өсімді ынталандыру үшін 2016 жылдың екінші жартысында қосымша 240 млрд. теңге бөлуді тапсырды. Мемлекеттік бюджеттен қаражатты үнемдеу есебінен бөлінетін ресурстар шағын және орта бизнесті қол­дауға, жеке тұрғын үй құрылысы бағдарламасын несиелеу мен жүзеге асыру ісіне жұмсалады.  Бұдан бөлек, қаржы бірқатар инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға, соның ішінде ауыл­дық елді мекендердегі тұрмыс сапасын жақсартуға, Құрық пор­тындағы паром өткелін аяқтау мен елорда әуежайын жаңғыртуға бөлінеді. Бұл шаралар құрылыс саласында 20 мың жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беріп, экономикалық өсім қарқынын жеделдетуге септігін тигізеді. Қабыл­данып жатқан шаралардың тиімділігі 2016 жылға жоспар­ланған экономикалық өсім дең­гейіне қосымша 0,4 % болады деп болжануда, деп жазады egemen.kz.

Соңғы жаңалықтар