Бес институционалдық реформаны жүзеге асыруға барша қазақстандықтар атсалысуы керек - Қ. Аққошқарова

«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев уақыттың өзін басып озатын озық ойларын халыққа жеткізіп келеді. Бұл идеялардың маңыздылығын, тереңдігін қоғам кейде аяғына дейін түсіне бермейді. Ал Елбасы ұсынған бес институционалдық реформа - бұл, мақсаты биік бағдарлама» - деді Қ. Аққошқарова.
Ол қоғамның сұранысына жауап бере алатын мұндай реформалар өте қажет деп санайды. Ал оларды жүзеге асыруда білікті кадрлардың ролі үлкен. Бүгінде мемлекетке өз ісін сүйетін, жоғары білікті мамандар керек.
Профессор сонымен қатар, бүгінде елімізде жастарға ақпараттық ресурстардың көмегімен сапалы білім алуларына барлық жағдай жасалғандығын айтты. Сондықтан педагогтардың басты міндеті - студенттерді өз беттерімен білімдерін жетілдіруге және алған білімдерін іс жүзінде қолдануға үйрету. Бүгінде мамандық таңдауға сындарлы, мақсатты тұрғыдан қарамаса болмайды. Жастар өз алдарына мақсат қоюмен қатар, оған жету жолдарын да білулері тиіс.
«Маған Президенттің реформалардың жүзеге асуына әрбір Қазақстан азаматының жауапты екендігін айтқандығы қатты ұнады. Бүгінде әрбір адам ортақ іске қалай үлес қоса алатындығы жайында жақсылап ойлануы тиіс. Ал үлес қосу деген оның өз жұмыс орнындағы адал еңбегі. Мемлекеттің мықты, қуатты болуы әрбір азаматтың белсенділігіне, азаматтық жауапкершілігіне тікелей байланысты. Сондықтан жоғарыда айтылған реформаларды жүзеге асыруға барша қазақстандықтар атсалысуы керек» - деді Қ. Аққошқарова.