03:17, 02 Қыркүйек 2014 | GMT +5
Беслан қасіреті құрбандарын еске алды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Кеше РФ-ның Беслан қаласында 2004 жылы 1200 адамды тұтқынға алу оқиғасы болған №1 мектебі спорт залының орнына жүздеген адам қанды оқиғада қаза тапқандарды еске алу шарасы аясында жиналды, деп жазады ресейлік БАҚ.

Марқұмдардың туыс-туғандары мен қала тұрғындары құрбандарды еске алып, шырақ жақты. Олар өздерімен бірге су құйылған құты, ойыншық және шырақтар ала келген.
Дәл 10 жыл бұрын ресейдің кейінгі тарихындағы ең қасіретті оқиға орын алған болатын. Беслан қаласында лаңкестер білім күні мерекесін атап өтіп жатқан оқушылар мен мектеп ұстаздарын тұтқынға алған болатын. Соның салдарынан 334 адам қайтыс болды, оның 186-сы балалар. Қайғылы оқиғаны сол кезде Шамиль Басаев есімді шешен қарулы топтары көсемінің бір қолбасшысы мойнына алған болатын.