Бестам ауылында бес жылда бірде-бір қылмыс тіркелген жоқ - Қызылорда облысы

ҚЫЗЫЛОРДА. 10 қараша. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы ынтымағы жарасқан Бестам ауылында бес жылда бірде-бір қылмыс тіркелген жоқ.

Бестам ауылында бес жылда бірде-бір қылмыс тіркелген жоқ - Қызылорда облысы

Қаратаудың етегіндегі ортағасырлық Бестам қаласы үйіндісінің іргесіне қоныс тепкен бұл ауылда қазір 1839 адамның басын біріктірген 320 отбасы тұрады. Бұл мекен белгілі әнші-термеші, Нартай мұраларын насихаттаушы марқұм Әбіләш Әбуовтің ауылы. Ауылдастар осының өзін мақтан тұтады.

Осындай қоғамдық тәртібі жақсы жолға қойылған ауылдың инспекторы, полиция аға лейтенанты Сәбит Сатқанбаев таяуда облыстық ішкі істер департаменті басшылығының алғысхатына ие болды.