Бейбіт Атамқұлов фармацевтика және медицина өнеркәсібін дамыту шараларын атады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2021 жылдың 1-тоқсанына қарай қорғаныс костюмдерін өндіру қуаты 500 мыңнан 1 миллион данаға дейін артады.

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Индустрияландыру картасы мәселелері бойынша баяндаған ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінде 33 фармацевтикалық кәсіпорын дәрілік заттардың 922 түрлі өнімін шығарады. Фармацевтика өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 34,1 пайызға өсті. Пандемия басталғаннан бері жеке қорғаныс құралдарын шығару көлемі 10 жаңа жобаны іске қосу есебінен 10 есе артты. Осылайша, бүгінгі таңда отандық кәсіпорындар қайта пайдаланылатын қорғаныш костюмдерімен және медициналық қолғаптармен қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ медициналық бетперделер ішкі қажеттілікті толық қамтамасыз етуде», - деді ол.

Министр 2020-2025 жылдарға арналған фармацевтика және медицина өнеркәсібін дамыту жөніндегі кешенді жоспар аясында жүзеге асырылатын шараларға тоқталды.

«Фармацевтика саласының өндіріс көлемі 2 есеге артады. Дәрі-дәрмектердің экспорт көлемі 2 есеге артады немесе 116 млн АҚШ долларына дейін жеткізіледі. 1000 жаңа жұмыс орнын қамтитын 80 жаңа дәрі-дәрмек түрлерін өндіруді қарастыратын, жалпы сомасы 100 млн АҚШ долларын құрайтын кемінде 10 жаңа өндіріс іске қосылады. Медициналық бетперделерді шығаратын кәсіпорындардың қуаты тәулігіне 1 миллионнан 2 миллион данаға дейін жеткізіледі. 2021 жылдың 1-тоқсанына қарай қорғаныс костюмдерін өндіру қуаты 500 мыңнан 1 миллион данаға дейін арттырылады», - деді Бейбіт Атамқұлов.

Соңғы жаңалықтар
telegram