Бейнеу ауданында жалған куәлікпен жұмысқа орналасқан педагогтер анықталды

АҚТАУ. KAZINFORM —  Сот үкімі бойынша 7 педагог Қылмыстық кодекстің 385-бабы 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оларға айыппұл жазасы тағайындалды. Бұл туралы Маңғыстау облысының прокуратурасы хабарлады.

Бейнеу ауданында жалған куәлікпен жұмысқа орналасқан педагогтер анықталды
Фото: freepik.com

Білім беру сапасының заңдылығына жүргізілген талдау нәтижесі бойынша педагогтардың кәсіптік даярлықтан өту куәліктерінің жалған екені анықталды.

— «Ә» есімді педагог 2024 жылы наурыз айында SDU University университетінің (Алматы қаласы) «Арнайы педагогика» мамандығы «логопед-дефектолог» біліктілігі бойынша қайта даярлау курсынан өткені туралы жалған куәлігін пайдалану арқылы, мектепте «педагог-психолог» лауазымында жұмыс істеген, — делінген хабарламада.

Ұқсас деректер, аудандағы орта білім беру ұйымдарындағы 6 педагогтен анықталды.

Аталған әрекеттер үшін, сот үкімі бойынша 7 педагог Қылмыстық Кодекстің 385-бабы 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оларға айыппұл жазасы тағайындалды.

Айта кетелік бірнеше өңірде жалған дипломмен жұмыс істеген бапкерлер әшкереленген еді.

Соңғы жаңалықтар