Бейрутта Қазақстан мен Ливан арасындағы ынтымақтастық мәселесі талқыланды

Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметінен хабарлады.
Кездесу барысында саяси, сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы екіжақты ынтымақтастық, екі елдің халықаралық ұйымдар шеңберіндегі өзара әрекеттестігі, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланды.
Қазақстандық дипломат Қазақстанның маңызды халықаралық бастамаларын, соның ішінде оның БҰҰ Адам құқықтары кеңесінің мүшелігіне, Астанада «EXPO-2017» өткізілуіне, ИЫҰ жанындағы Азық-түлік қорын құруға, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақсыз мүшелігіне көрсеткен қолдауы үшін Ливанға алғысын білдірді.
Ливанның Сыртқы істер министрі екіжақты қарым-қатынастардың деңгейін жоғары бағалап, олардың одан әрі арта түсетіндігіне сенімін білдірді.
Кездесу аяғында А.Бердібай мүдделі ливандық ұйымдар мен компанияларды 2015 ж. 27-30 қазанда Астанада өтетін «Astana Invest-2015» VI Халықаралық инвестициялық форумның жұмысына қатысуға шақырды.