Бейруттағы Америка университетінің делегациясы Қазақстанға келіп кетті
АСТАНА. Тамыздың 27-сі. ҚазАқпарат Тамыздың 24-26-сы аралығында біздің елімізге Бейруттың Америка университетінің (AUB) Өңірлік сыртқы бағдарламаларды дамыту орталығының вице-президенті Хассан ад-Диаб бастаған делегация келіп кетті, деп хабарлады сыртқы саясат ведомствосының баспасөз қызметінен.
Сапар барысында Ливан делегациясы Қазақстанның Білім және ғылым және Денсаулық сақтау министрліктерінің өкілдерімен, сондай-ақ қазақстандық жетекші жоғары оқу орындарының басшыларымен кездесті.
Келіссөздер барысында тараптар Қазақстан мен Ливанның білім саласындағы қарым-қатынастарының қазіргі жағдайы мен келешегі, студенттер және профессор-оқытушылар құрамымен өзара алмасу, сондай-ақ Қазақстанда AUB филиалын ашу мүмкіндіктерін талқылады.