Бейжің-2022 паралимпиадасында Қазақстан туын кім алып шығады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бейжіңде өтетін паралимпиада ойындарында еліміздің туын ұстап шығатын параспортшының кім екені анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ұлттық паралимпиада комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

Бейжің-2022 паралимпиада ойындарының ашылу салтанаты 4 наурыз күні Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 22.00-де басталады.

Еліміздің туын пара шаңғы спорт түрінен әлем кубогінің қола жүлдегері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Ербол Хамитов ұстап шығады.

«Пара шаңғыдан ұлттық құрама команда қазір Алматы облысында оқу-жаттығуда. Дайындық карантин талаптарына сай өтіп жатыр. COVID-19 індетінен сақтану шаралары барынша қамтылған. Біздің мақсат - паралимпиада ойындарында жақсы нәтиже көрсету. Спортшылардың жағдайы жақсы, жарысқа дайын және жеңіске ұмтылысы жоғары», - деді ұлттық құрама команданың бас жаттықтырушысы Василий Коломиец.

Бұған дейін Бейжің-2022 паралимпиада ойындарына баратын Қазақстанның құрама командасының жасақталғаны туралы хабарлаған едік.



Соңғы жаңалықтар