Бейжің олимпиадасына қатысқан тағы 6 қазақстандық спортшыдан допинг табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бейжің олимпиадасына қатысқан тағы 6 қазақстандық спортшыдан допинг табылды. Бұл туралы Қазақстан ұлттық олимпиада комитеті (ҰОК) ресми сайты хабарлады.
None
None

Аталған мәліметте «Қазақстанның Ұлттық Олимпиадалық комитеті қазақстандық спортшылардың «Б» допинг сынамаларының қосымша тексерілу процедурасын растайды» деп көрсетілген.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиадалық комитеті (ҚР ҰОК) Халықаралық Олимпиадалық комитетінің хабарлауынша, «А» допинг сынамалары қайта тексеруден өткізілген спортшылардың арасында 2008 жылы Бейжің Олимпиадасына қатысқан алты қазақстандық спортшының сынамасы күдік тудырған. Қазіргі таңда «Б» допинг сынамалары Халықаралық Олимпиадалық комитеті мен Бүкіләлемдік допингке қарсы агенттіктің (WADA) процедураларына сай қосымша тексеріліп жатыр.

Шілденің 18-26 аралығында Лозанна (Швейцария) қаласында ҚР ҰОК өкілдерінің қатысуымен «Б» допинг сынамаларын ашу және тексеру процедуралары өтеді. Қазір Халықаралық Олимпиадалық комитетінің регламентіне сәйкес аталмыш процедура құпия және тестілеудің түпкілікті нәтижесі алынбағанға дейін ақпарат жарияланбайды. Қайта тестілеу процедуралары аяқталып, тексерулердің ресми нәтижелері мен хабарландыру келген кезде ғана Ұлттық Олимпиадалық комитет осы мәселе бойынша түсініктеме беруге уәкілетті болады.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) қазақстандық ауыр атлет Илья Ильиннің Бейжің мен Лондон олимпиадалары кезінде алынған сынамаларынан допинг табылғанын мәлімдеген. Лондонда алтын алған қазақ спортшылары Зүлфия Чиншанло, Мая Манеза мен Светлана Подобедованың да сынамалары оң нәтиже берген. Олар уақытша жарыстардан шеттетілген. 

Соңғы жаңалықтар