Бейжіңде «Astana Ballet» хореографиялық ұжымының жеке концерті өтті

БЕЙЖІҢ. 8 қараша. ҚазАқпарат - Бейсенбі, 7 қараша күні Қазақстанның Қытайдағы мәдениет күндері аясында «Century Theatre» Бейжің концерттік залында еліміздің «Astana Ballet» хореографиялық ұжымының жеке концерті өтті.
None
None

Бейжіңнің тұрғындары мен қонақтарына әр түрлі жанрдағы репертуарлар таныстырылды. Оған қазақ, малайзия, үнді, кәріс, түрік, қытай және өзге де халықтардың билері енгізілген.

Концерт бағдарламасы көрермендерді бірегей хореографиялық композициялармен таң қалдырды. Әсіресе дәстүрлі қазақ биінің қазіргі заманғы классикамен ұштасуы ұтымды шықты. Мысалы, қазақтың «Қарлығаш» биі бұған дейін де қазақ шығармаларына музыка жазған ұлыбританиялық сазгер Карл Дженкинстің музыкасына қойылды. Қоюшысы - американдық хореограф Пол Эмерсон.

Бейжіңнің тұрғыны Лю Янь концерттен кейін өзінің алған әсерімен бөлісті. Достарынан осы мәдени шара жайлы естіген ол қазақ халқының мәдениеті мен ұлттық ерекшеліктерін көруге келген. "Маған өте ұнады", - деді Лю Янь - Мен қазақ қыздарының өте әдемі және нәзік келетінін байқадым. Бәрінен бұрын маған қазақ ұлттық стиліндегі ырғақты, көңілді, қызықты билер ұнады".

Концерттің құрметті қонақтары ретінде ҚХР Мемлекеттік кеңесінің мүшесі Ян Цзечи мен Қытай Сыртқы істер министрінің орынбасары Чэн Гопин қатысты.

Соңғы жаңалықтар