16:11, 18 Наурыз 2013 | GMT +5
                                        Бейжіңде Астанада «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізу мәселесі талқыланды
                                            БЕЙЖІҢ. 18 наурыз. ҚазАқпарат - Бүгін Бейжіңде «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің комиссары, ҚР СІМ жауапты хатшысы Рәпіл Жошыбаевтың ҚХР Сыртқы істер министрінің орынбасары Чэн Гопинмен кездесуі өтті. 
                                        
                                        
                                     
                                              Кездесу барысында тараптар қазақстан-қытай ынтымақтастығы жөнінде, сондай-ақ, Астанада 2017 жылы «ЭКСПО» халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу бойынша өз пікірлерімен алмасты.
Бұдан бұрын ҚазАқпарат хабарлағандай, өткен жылы Қазақстанның астанасы «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу орны болып таңдалған болатын.