Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Бейжіңде ШЫҰ-ға мүше-мемлекеттер үкіметтері басшылары кеңесінің кезекті отырысы өтеді

БЕЙЖІҢ. Қыркүйектің 29-ы. ҚазАқпарат /Руслан Сүлейменов/ - Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше-мемлекеттер үкіметтері басшылары кеңесінің кезекті отырысы Бейжіңде қазанның 14-інде өтеді. Бұл жөнінде сейсенбі күні Бейжіңде Қытай Халық Республикасы сыртқы істер министрлігінің өкілі Цзян Юй мәлімдеді.

Бейжіңде ШЫҰ-ға мүше-мемлекеттер үкіметтері басшылары кеңесінің кезекті отырысы өтеді

ҚХР СІМ өкілінің хабарлауынша,ҚХР Мемлекеттік кеңесінің премьері Вэнь Цзябаоның шақыруымен - Қазақстанның, Қырғызстанның, Ресейдің, Тәжікстанның, Өзбекстанның, сондай-ақ ШЫҰ бақылаушы-мемлекеттерінің және аймақтағы мүдделі елдердің басшылары немесе олардың өкілдері отырысқа қатысады. «Тараптар ШЫҰ аясында Екатеринборда өткен саммитте қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру, халықаралық қаржы дағдарысына қарсы тұру, аймақтық экономиканы және гуманитарлық салаларды дамытудағы ынтымақтастықты дамыту бойынша пікір алмасады», - деді Цзян Юй.