Бейжіңде ШЫҰ Хатшылығының жаңа ғимараты ашылды

БЕЙЖІҢ. 12 мамыр. ҚазАқпарат - Бейжіңде жұма күні Шанхай ынтымақтастық ұйымы хатшылығының жаңа ғимараты ашылды.
None
None

«ШЫҰ Хатшылығы Ұйым күнделікті қызметін қамтамасыз ету және тәжірибелік ынтымақтастықты дамыту үшін мүше-елдердің күш-жігерін үйлестіру бойынша маңызды функцияларды атқарады», - деді салтанатты ашылу рәсімінде Қытайдың сыртқы істер министрі Ян Цзечи.

Оның сөзіне қарағанда, ШЫҰ Хатшылығының жұмыс жағдайын жақсарту және әлеуетті мүмкіндіктерді одан әрі анықтау Ұйымның перспективалы дамуы үшін маңызды мәнге ие. ШЫҰ-ның Бас хатшысы Мұратбек Иманалиевтің атап өткеніндей, тараптар ШЫҰ-ның негізгі атқарушы органына, оның Ұйым қызметіндегі бүгінгі және келешектегі рөліне үлкен мән береді.

ҚР Сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов ШЫҰ Хатшылығының жаңа ғимаратын ашу салтанатына қатысты. Қазақстанның сыртқы саясат ведомствосының басшысы жұма күні өткен ШЫҰ Сыртқы істер министрлері кеңесіне қатысты.

ШЫҰ-ға мүше-елдер Сыртқы істер министрлері кеңесінің барысында Е. Қазыханов 2013 жылдың басында Ұйымның тұрақты жұмыс істейтін органдарының басшылық құрамын алмастыру міндеті тұрғанын айтты. ҚР СІМ-нің басшысы ШЫҰ-ның Бас хатшысы қызметіндегі М. Иманалиевтің жұмысына жоғары баға берді.

ШЫҰ 2001 жылы құрылды. Ұйымға Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан мен Өзбекстан мемлекеттері мүше.

ШЫҰ Хатшылығының жаңа ғимараты Бейжіңнің орталығында, қытайлық  астанасының бас даңғылы Чанъаньцзеге жақын жерде орналасқан.

Соңғы жаңалықтар