Бейжіңде ШЫҰ мүше мемлекеттері Жоғарғы соттары төрағаларының жиыны өтуде

БЕЙЖІҢ. 25 сәуір. ҚазАқпарат - Қытай астанасында ШЫҰ мүше мемлекеттері Жоғарғы соттары төрағаларының 7-ші кеңесі өтіп жатыр.

Бейжіңде ШЫҰ мүше мемлекеттері Жоғарғы соттары төрағаларының жиыны өтуде

Бұл отырыстың басты тақырыбы - «Сот жүйесі реформаларын тереңдету. Жоғарғы Соттардың рөлі мен міндеттерін анықтау».

 Бүгін Фемида қызметкерлері соттар мен БАҚ-тар арасындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылауда. Отырыс қорытындылары бойынша ШЫҰ мүше мемлекеттерінің Жоғарғы соттарындағы төрағалар кеңесі жұмысын жаңа редакциялау регламенті бекітіледі.

 Шара аясында 23 сәуір күні Бейжіңде Бектас Бекназаров пен ҚХР Жоғарғы Халықтық сотының төрағасы Ван Шэнцзюнмен кездесуі болып өтті.

 Сейсенбі, 24 сәуір күні ШЫҰ мүше мемлекеттерінің Жоғарғы соттары төрағаларының 7-ші кеңесінің ашылу рәсімінде ҚКП ОК комиссиясының саяси-заң комиссиясының хатшысы Чжоу Юнкан ШЫҰ мүше мемлекеттері арасында әділет саласындағы ынтымақтастықты артыруға және тәжірибе алмасуға үмітін білдірді.

 Чжоу Юнканның атап өтуінше, Шанхайда ШЫҰ аясында Жоғарғы соттар төрағаларының бірінші кеңесі өткен 2006 жылы ұйымның қатысушы елдері лаңкестік, сепаратизм, экстремизм, есірткі контрабандасы және трансшекаралық ұйымдасқан қылмыспен күрестегі ынтымақтастық және үйлестіруді күшейтті, азаматтық істер, соттық даулар мен төреліктердегі тергеуде өзара әрекеттерін жандандырды.

Ол ШЫҰ-ның барлық мүше мемлекеттеріне пәтуаластық ауқымын кеңейту және ықпалдастық  мүддесі үшін әділ сот арасында ынтымақтастықты күшейтуге бірігіп атсалысуды ұсынды.

Естеріңізге сала кетейік, сәуірдің 23-25 аралығында Бейжіңде ШЫҰ мүше мемлекеттері Жоғарғы соттары төрағаларының жетінші кеңесі өтуде.

Биылғы кеңес ҚХР төрағалығымен өтуде. Қазақстандық делегацияны Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының төрағасы Бектас Бекназаров басқаруда. Делегация құрамына Жоғарғы соттың судьясы Моряк Шегенов, Жамбыл облыстық сотының төрағасы Марғұлан Бектұрғанов және ҚР Жоғарғы сотындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету жөніндегі департамент жетекшісі Бауыржан Жұмағұлов кірді.