Бейжіңде ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-қытай бесінші отырысы өтеді

БЕЙЖІҢ. Желтоқсанның 3-і. ҚазАқпарат /Руслан Сүлейменов/ - Бейжіңде ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-қытай бесінші отырысы өтеді.
None
None

Оған қатысу үшін ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Өмірзақ Шөкеев бастаған қазақстандық делегация бүгін кешке Бейжіңге келеді деп күтілуде, деп хабарлайды Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшілігінің баспасөз қызметі.

Бейжіңде желтоқсанның 4-інде өтетін Ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-қытай бесінші отырысында Ө.Шөкеевтің ҚХР Мемлекеттік кеңесінің вице-премьері Ван Цишанмен кездесуі болады.

Сапар бағдарламасында Ө.Шөкеевтің Бүкілқытайлық жиналыстың халықтық өкілдері Тұрақты комитетінің төрағасы У Бангомен кездесуі көзделген.

Соңғы жаңалықтар