Бейжіңдегі Астананың мәдениет күндері: Біздің әртістер қытайлықтарге есе жібермейді - Роза Рымбаева

ЙЖІҢ. 11 қазан. ҚазАқпарат /Руслан Сүлейменов/ - Бүгін Бейжің қаласында Астананың мәдениет күндері басталды.

Бейжіңдегі Астананың мәдениет күндері: Біздің әртістер қытайлықтарге есе жібермейді - Роза Рымбаева

Қытай астанасында өтетін гала-концерт алдында Қазақстан әртістері өз көңіл-күйлерімен бөлісті.

«Біз Астана қаласын, Қазақстан шығармашылығын ұсынамыз. Ең жарқын жұлдыздар қатысады. Біз концерт қойып, әртістеріміз бен музыканттарымыздың кәсіби деңгейін көрсетеміз. Біздің өнеріміз осындағы халықтың көңілінен шығады деп үміттенеміз. Біздің әртістеріміз қытайлық әртістерге есе жібермейді, біздің дәрежеміз әлемдік деңгейде. Қытай тарапы бізді жақсы қарсы алады деп ойлаймыз.

Бейжің - бұл әлемдік деңгейдегі астана. Әрине, сахнаға шығар алдында қатты қобалжимыз. Өз елімізді, өз халқымыздың абыройын асқақтату біздің қолымызда болғандықтан, біз үшін бұл үлкен жауапкершілік», - дейді ҚР халық әртісі Роза Рымбаева.

«Туған еліміздің туын биік ұстаймыз. Қытай халқының алғашқы қошеметі жақсы. Мен Еділ Құсайыновпен бірге өнер көрсетемін», - дейді белгілі скрипкшы, композитор, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Жәмила Серкебаева.

Сондай-ақ бүгін дипломатиялық өкілдік ғимаратында елші атынан қабылдау болады.

Астананың мәдениет күндері 13 қазанға дейін жалғасады.

Сонымен қатар мәслихат хатшысы Ермек Оспанов бастаған Астана қаласының ресми делегациясы Бейжің қаласында орналасқан автокөлік компаниясына да ат басын бұрады.