Бейжің ҚХР мен АҚШ кәсіпорындарының арасында іскерлік ынтымақтастықты қолдауға дайын
АСТАНА. KAZINFORM – Бейжің қытайлық және америкалық компаниялар арасында қалыпты іскерлік ынтымақтастықты қолдауға дайын, деп мәлімдеді Қытайдың коммерция министрлігі.

Бұл туралы министрлік өкілдері бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған Қытай «Boeing» ұшақтарын қабылдауды тоқтатты деген хабар аясында мәлімдеді, деп жазады Kazinform агенттігінің тілшісі.
Қытай мен АҚШ ұзақ уақыт бойы азаматтық авиация саласында өзара тиімді ынтымақтастықты қолдап келді. Өз кезегінде бұл екіжақты сауда мен гуманитарлық алмасуларды жүзеге асыруға оң ықпал етті, деп келтіреді ҚХР-дің коммерция министрлігінің мәлімдемесін Синьхуа.
Алайда «тариф шоқпарын» оңды-солды сілтеп жүрген Құрама Штаттардың әрекеті жаһандық өндіріс және жеткізу тізбегінің тұрақтылығына нұқсан келтіріп, халықаралық әуе тасымалы нарығының жұмысын бұзды, деп көрсетті ведомство өкілдері.
-Көптеген кәсіпорындарда қалыпты сауда және инвестициялық қызметті жүзеге асыру мүмкіндігі жоқ, Қытайдың әуе компанияларымен қоса Боинг компаниясына да зиян келді, деп хабарлады ведомство өкілдері.
ҚХР коммерция министрлігінің өкілдері Қытай Құрама Штаттар кәсіпорындардың пікіріне құлақ асып, олардың тұрақты, қалыпты сауда және инвестициялық қызметіне қажетті орта қалыптастырады деген үмітте екенін жеткізді.
Осыған дейін Қытай Панама каналындағы порттардың сатылуына тексеру жүргізуді талап етіп отырғаны туралы жаздық.